«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДОМБЫРАШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Алматы қаласында «Бақытты елдің — ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Біз бақытты баламыз» атты Халықаралық байқауға қатысқан мұғалжарлық оқушылар жүлдемен оралды. Бүгін өнерпаздарды жанкүйерлері күтіп алды.
Аталған байқауда шебер өнер көрсеткен Ахмет Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Мұрагер» ансамблі Бас жүлдеге ие болды.
Ал «Мұрагер» студиясында оқитын Алдажар Кенжетай Ғаламат Бейісқожаның «Аналардың арманы» атты күйін нақышына келтіріп орындап, І орынды иеленді. Аталған студияның оқушысы Нұрислам Қойшығұл Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» шебер орындап, ІІ орынды жеңіп алды. Жүлдегерлерге музыка мектебінің аға жетекшісі Балымбет Күзенбаев жетекшілік етеді. Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде 8 «А» сынып оқушысы Шыңғыс Талантұлы аспапта ойнау кезеңі бойынша жүлделі І орынды бағындырды. Жеңімпаз Шыңғысқа аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі Алима Садуова жетекшілік етеді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде мұнай қалдығына арналған резервуардың жану себебі анықталды

admin_mugalzhar

ШӨП ШАБУ: ЖОСПАР – 213 700 ТОННА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ

admin_mugalzhar

Зейнетақы жинағын пайдаланғысы келетіндерге жағымды жаңалық

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.