«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылы жекелеген есептік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап есептік көрсеткіштер келесідей бекітілді:

айлық есептік көрсеткіш — 3 180 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері — 48 032 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.
Бұл ретте ең төменгі жалақы мөлшері өзгерген.

Ұқсас ақпараттар

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

admin_mugalzhar

Енді автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылады

admin_mugalzhar

Әсемгүл ӨЗБЕК, бесік тербеткен келін: БЕСІК – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТЫНЫШ ҰЙҚЫНЫҢ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar