«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ КӨБЕЛЕЙ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

24 үйі 60 тұрғыны бар Көбелей ауылына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнату жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Шерияздановтың Көбелей ауылының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

«Коммуналшы» мекемесі ұңғыманы қазу жұмыстарын жүргізеді. Кездесуде тұрғындармен келісіліп, ұңғыма ауылдың орталық көшесіне орнатылатын болды.

Биыл Көбелей ауылының екі көшесіне түнгі жарық шамдар орнатылатын болады. Осыған байланысты қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайндалуда. Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаевтың айтуынша бұл жұмыстар күзге дейін толық орындалып, жүзеге асырылады.

Кездесуде ауыл тұрғындары «Қандыағаш-Ембі» бағытындағы жолдың жөнделуін сұрады. Аудан әкімі тұрғындардың бұл сауалына толыққанды ақпарат берді. Бұл учаскені тораптық жоба (узловой проект) ретінде облыстық экономика басқармасы жолдың жөнделуінің маңыздылығын ескере отырып, республикаға ұсынылғандығын хабарлады.

Кездесу барысында Жұрын ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерғазы Дүзбаев округ аумағындағы маңызды мәселелер қоғамдық кеңес отырыстарында қаралып, тез арада орындалуы үшін жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жұмыстанып жатқандығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бірнеше спорт кешені ашылады

admin_mugalzhar

АУЫЗ СУ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.