«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ «ЗӘРУ» ПАНТЫМЕН ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Қандыағаш қаласынан ашылған «Зәру» пантымен емдеу-сауықтыру орталығында болып, негізі атқаратын жұмыстарымен танысты.
Жаңадан ашылған емдеу-сауықтыру орталығы облыс әкімінің жергілікті атқарушы органдарға денсаулық сақтау саласын жеке кәсіпкерлер арқылы да дамытуды ұйымдастыру жөнінде берген тапсырмасына сәйкес ашылды.

«Зәру» пантымен емдеу-сауықтыру орталығы 2018 жылы ең алғаш Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында ашылған болатын. Аудан орталығынан заман талабына сай келетін орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар, ішкі құрылыстары мен буын ауруларымен ауратын адамдар және кез-келген тұрғындар өз денсаулықтарын жақсарту үшін ем ала алады.

Емдік қасиеті бар жануарлар 700 гектар аумақты алып жатқан Мәртөк ауданының кең алқабында өсірілуде. Орталықта қазіргі таңда 9 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Емдеу-сауықтыру орталығында панты бұлаулары, панты шоқ салатын ыдысы (пантовая жаровня), фито бөшке (фитобочка), панты булау (пантовые ингаляции), пантогематогенді қабылдау (прием пантогематогена), фитотерапия, панты компресстері (буындарға), релакс терапия қызметтері көрсетіледі.

Ұқсас ақпараттар

Жапония университеті қазақстандықтарға оқу стипендияларын ұсынды

admin_mugalzhar

АУЫЛ АМАНАТЫ: 33 ЖОБА МАҚҰЛДАНҒАН

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ДІНИ АХУАЛДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.