«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қандыағаш қаласы «Жастық» мөлтек ауданындағы №43 бес қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Облыс басшысы өткен жылы келген сапарында босап қалған, бірақ жаратуға келетін ғимараттарды жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, қалыпқа келтіріп тиімді пайдалануды тапсырған болатын.

Осыған орай, Қиын жылдары аудан орталығында босап қалып, қаланың архитектуралық келбетін кетіріп тұрған соңғы көп қабатты тұрғын үйді алып, жөндеп жатқан аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі жергілікті кәсіпкер Бақытжан Қадралин.

80 пәтерлі үйдің ішінде 1 бөлмелі — 35 пәтер, 2 бөлмелі — 35, пәтер, 3 бөлмелі — 10 пәтер, бар. Қазіргі таңда жалпы алаңы 5200 м2 болатын көпқабатты үйдің ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталады деп күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы өсе ме

admin_mugalzhar

Такси: Бағаны кім бағамдайды?

admin_mugalzhar

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.