«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰРЛАН САРТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

ӨТКЕН АПТАДА ЕМБІ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ 28 ЖЫЛ ЕҢБЕК ЕТІП, СҮЙЕМЕЛДЕУШІ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН НҰРЛАН САРТАЕВТЫҢ «НҰРЕКЕҢ САЛҒАН ӘНДЕР-АЙ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ.

Кеште Нұрлан Бахтыбайұлының еңбек жолы, өмірі туралы айтылды. Әріптестері Нұрланның репертуарынан «Ауылым», «Құстар», «Қызыл көйлек», «Ауылға сағыныш» атты әуендермен қоса, оған арналған арнау шумақтарын оқыды. Жалпы бұл шара Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағалидің қолдауымен жүзеге асқан болатын. Кешке марқұмның туыстары мен сүйікті тыңдармандары жиналды. Нұрлан Сартаевтың орындауына қанық көрермендер әндері орындалғанда, көздеріне жас алды. Шара соңында Ембі қалалық мәдениет үйінің ұйымдастырумен келген туыстарына дастарқан жайылып, сыйлықтар тарту етілді.
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

«Ауыл Аманаты» жобасы аясында өңірде 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

admin_mugalzhar