«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Өткен апта соңында Ақтөбе қаласында ән падишасы Роза Бағланованың шығармашылығына арналған республикалық «Ақмаңдайлым» атты ашық ән байқауы өтті.

Байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған аудан өнерпаздары бақ сынады. Орал, Атырау, Ақтау, Павлодар сынды қалалар мен аудан орталықтарынан қатысқан ән байқауы өте қызықты әрі тартысты өтті. Өнерпаздар сайысында Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтің «Елімнің бір еркесі мен боламын» атты әнін орындаған Ембі қалалық мәдениет орталығының әдіскері Даража Қоспағамбетова жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Ару Қадырова халық әні «Ақтамақты» орындап, мадақтамаға ие болды.

Ұқсас ақпараттар

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

МЕЙІРІМ ОРНАҒАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ ҚАРАКӨЛДЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar