Аудан әкімі Жем қаласының тұрғындарымен кездесті. Жем қалалық
№5 орта мектебінде өткен кездесуде аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жем қалалық №3 аула клубының ғимаратына жөндеу жұмыстары барысында төбесі жабылып, жаңадан терезелері салынып жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жаңа оқу жылында үйірмеге қатысатын оқушыларға толық жағдай жасалынды.
Ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында тамыз айында Жем қаласына «Beeline» байланыс мұнарасы қондырылады.
Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша келесі аптада көпфункционалды ашық спорт алаңы пайдалануға беріледі.
Тұрғындардың өтініштері бойынша 8 көпқабатты тұрғын-үйді заңдастыру жұмыстары аяқталуда. Алдағы уақытта бұл үйлердің тиісті құжаттары реттеліп, заңдастыру шаралары болған соң пәтерлері тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға ұсынылады.
Кездесу соңында аудан әкімі сәуір айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешімдері бойынша есеп берді.