«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Айналайын -2022» балалар байқауының қорытындысы кешкілік «Тәуелсіздік» саябағында өткен Гала концертте жарияланды.
Байқауға қатысушылар сән-салтанаты жарасқан сахна төріне көтерілерден бұрын арнайы жайылған қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Аталған шараға аудан әкімі Асқар Шериязданов қатысып, балаларды мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша Гран Приді мұғалжарлық Жансая Жақсылықова жеңіп алды. Ал I орынды ойылдық Айтөре Атағалииева, II орынды мұғалжарлық Нұрдана Темірғали иеленсе, III орындарды хромтаулық Арман Сағынай мен Байғанин ауданынан келген Мират Сайдағали бөлісті. Қобда ауданынан келген Нұржан Спандияр «Көрермендер көзайымы»аталымына қол жеткізді.
Мерекелік кеш соңы отшашумен аяқталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан 4 сала бойынша жаһандық ауқымда ықпалын жүргізе алады – Ұлттық құрылтай

admin_mugalzhar

Су басқан аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды

admin_mugalzhar

АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar