«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДАУЫС БЕРУДЕ

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум басталды. Бұл саяси науқанға мұғалжарлықтар да қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Мұғалжарлықтар референдум учаскелерінің ашылуымен белсенділік танытып, учаскелерге келуде. Референдум учаскелерінің жұмысы ресми түрде еліміздің Гимнімен салтанатты түрде ашылды.

Жалпы аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде 46 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Онда 40 796 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 10 референдум учаскесі аудан орталығында, 6 учаске Ембі қаласында орналасқан. Сайлаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін белгіленген учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасай алады.

Ұқсас ақпараттар

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

АСЫЛ ТАСТАН ӘШЕКЕЙ СОҒУДЫ АРМАНДАЙТЫН КЕЛІНШЕК

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar