«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС!

Ел болып жұмылып референдумды да өткіздік. бірлік пен жасампаз болмысын тағы бір көрсетіп, салиқалы шешім шығарды. Азаматтардың көп бөлігі Конституциялық реформаны қолдап дауыс берді.
5 маусымға дейін «АMANAT» партиясы жанындағы аудандық штабпен 13 елді мекенде болып, Қандыағаш қаласында орналасқан теміржол, мектеп, колледж ұжымдарымен кездестім. Ауыл халқы мен қала халқының пікірі, түйінді шешімдері бір болды, ол-референдумдық өзгерістерді қолдау. 🔹Ақсақалдар алқасының белсенділігін, қоғамдық кеңес төрағаларының жауапты, әрі саяси серпіліс тұсында позиция мен ел мүддесіне, жастар мен қоғамға, өскелең ұрпақтың болашағына деген мақсатты қолдаударын сездім. 🔹Конституциялық реформа бойынша талдап-баяндаулары, спикерлермен пікірталас деңгейі қуантты. Адамдық қажеттілік, әлеуметтік норма, мәдениет хақындағы пікірлерін құндылығымен жадымда сақтадым. Әрине, бұл кездесулер өз нәтижесін көрсетті, еліміз халқымен кеңескен Президентті қолдады. 🔹Баршамыз жаңа өзгерістерге бірге қадам бастық. Тәуелсіз Қазақстанның кемелденген шағы басталaды.
Референдумнан кейін біз өрлеу жолының алғашқы баспалдағына аяқ бастық. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр. Референдум ел ішінде жаңа саяси конструкция жасау мен тарих дәптеріндегі жаңа парақты ашу кезеңі. Саяси трансформация ұлттық жаңаруға, кешенді модернизацияға және мемлекеттің нығаюына ықпал ететіні сөзсіз.
Бақты маңдайынан өпкен қалың елміз, кең байтақ жері бар үкілі елміз, ендеше ынтамыз-бірлік болғай!
Ильяш Ниязова, аудандық мәслихат депутаты.

Ұқсас ақпараттар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

Елбасының «Абай аманаты» мақаласы жарияланды

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.