«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің автопаркі 13 жаңа автокөлікпен толықты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қорғаныс істері жөніндегі департамент жұмысымен танысып,  13 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Қазақстанда жинақталған су жаңа көліктер департаменттің қалалық  және аудандық бөлімдеріне берілді.

«Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына —  30 жыл. Осы жылдар аралығында еліміздің Қарулы Күштері Тәуелсіздігіміздің кепілі болып, оны күзетіп келеді. Департамент қызметкерлеріне  Республикамыздың Қарулы Күштерінің қатарын толықтыруда атқарып  жатқан орасан зор жұмыстары  үшін алғысымды білдіремін. Елімізге тыныштық, береке-бірлік тілеймін», —  деді шара барысында сөз алған өңір басшысы.

Айта кетерлігі, биыл  жергілікті әскери басқару органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша әскерге шақырту науқанын сапалы ұйымдастыруға 433 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, Әйтеке би, Алға, Ырғыз аудандарындағы қорғаныс бөлімдері мен әскерге шақырту пункттері жаңа ғимараттарға орналасты. Ал Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында әскери шақырту пунктерінің жаңа ғимаратын салу жұмыстары жүргізілуде.

Ақерке САТЫБАЛДЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді

admin_mugalzhar

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

admin_mugalzhar

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.