«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨРКЕМ — «DEARS» ФАН КЛУБЫ ЖҮЛДЕСІНІҢ ИЕГЕРІ

Ақтөбе қаласында ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, ұстаз МаратӘйтімовтіңІреспубликалық ән байқауына қатысқан мұғалжарлық Көркем Сүндетбаева Димаш Құдайбергеновтың италиялық «DEARS» фан клубының арнайы жүлдесіне және ақшалай сыйлығына ие болды.
Аталған байқауға республиканың барлық облыстарынан 16 үміткер қатысқан. Шараға ҚРеңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Светлана Айтбаева, ҚР мәдениет қайраткері Майра Дәулетбақ, ҚРмәдениетқайраткері Аллаберген Жақсыбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова және ҚР еңбек сіңіргенқайраткері, Ақтөбеоблысының «Құрметті азаматы» Марат Әйтімов қазылық еткен.
Көркем Сүндетбаева бұл конкурстан бөлек осы жылы облыстық, республикалықәнбайқауларына қатысты. Айталық, облыстық халық шығармашылығы орталығының 60 жылдығына арналған «Ауыл айнасы» облыстық мәдениет үйлері және клуб қызметкерлері байқауында, ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың 95 жылдығына арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» республикалықәнбайқауында, Әлия Молдағұлованыңқұрметінеарналған облыстық «Батырлар рухы» патриоттық әндер байқауында жүлделі І орыннан көрінді. Сонымен бірге облыстық «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» көркемөнерпаздар байқауында жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТ — МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

admin_mugalzhar

Антониу Гутерриш Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа зерттеу университеті ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.