«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМСАЙ: ҮРДІСКЕ АЙНАЛҒАН ТҮЛЕКТЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Аудан орталығы Қандыағаш қаласынан шалғайда жатқан Құмсай ауылдық округінде соңғы бес жылдан бері ауылдық мектепті бітірген түлектердің бас қосуы әдетке айналған. Елдің түкпір-түкпірінен жылда жиналатын 200-ден аса құмсайлық түлектер туған ауылдарында волейбол мен футболдан спартакиада өткізіп, білім алған мектептеріне сыйлығын тапсырып, туған жердің топырағына тағы бір аунап тарқасады.
Биыл да бұл үрдіс үзілмеді. Маусым айында бесінші мәрте туған ауылында бас қосқан құмсайлықтар Құмсай ауылының спорт ардагері Қуат Қонақбаевтың құрметіне орай волейбол мен шағын футболдан №5 Түлектер спартакиадасын өткізді.
-Бұл шара ауылымызда бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әр жылы ауылдан шыққан еңбек және спорт ардагерлеріне арналып өткізіледі. Құмсай ауылдық орта мектебін әр жылдары бітірген түлектер осылай бас қосып, үлкен спорттық шара өткізіп, кезінде өздерінің балалық шақтары өткен балабақша мен мектепке сый-сияпаттарын тапсырады. Құмсайлық түлектердің «осы шара енді аудандық деңгейде қолға алынып, өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді» деген тілектері бар, — дейді Құмсай ауылдық округінің әкімі Асылбек Тұғыров.
Ұйымдастыру алқасының төрағасы Мейіржан Тілеубаевтың бастамасымен қолға алынған спорттық шараға биыл да 200-ден аса спортшы түлек бой көрсеткен 17 команда қатысқан. Спартакиада нәтижесінде жалпыкомандалық I орынды 2011 жылғы түлектер қанжығаларына байласа, II орынды 2005 жылғы түлектер, ал III орынды 2016 жылғы түлектер жеңіп алды. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕРДЕ ЖАС КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.