«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Уимблдонда» жеңіске жеткен Рыбакина қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның “Уимблдон” финалында жеңіске жеткені қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Vesti.kz басылымының мәліметінше, беделді турнирде жеңіске жеткені үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт стерлинг (бір миллиард теңгеден астам) алады.

Елена Рыбакинаның өзі «Газета» басылымына “Уимблдонда” жеңіске жеткендегі әсерімен бөлісті.

«Мен матч алдында қатты қобалжыдым. Оның біткеніне қуаныштымын. Мен мұндайды ешқашан бастан өткерген емеспін. Бүгін маған көп жүгіруге тура келгені сонша, енді фитнеспен айналысудың қажеті жоқ», – деді Рыбакина матчтан кейін.
Қазақстандық спортшының жеңісіне қатысты Тунис теннисшісі Онс Джабер де пікір білдірді.

«Еленаны құттықтаймын, ол тамаша ойнады. Командасымен тамаша өнер көрсетті. Елена бүгін менен титулды ұрлап әкетті, бірақ ештеңе етпейді. Жеңілгенімен қапамын», – деді матчтан кейін Жабер.

Еске салсақ, қазақстандық спортшы 23 жастағы Елена Рыбакина «Уимблдон” финалына өтіп, “Үлкен дулығаның» соңғы кездесуінде әлемдік рейтингтегі №2 теннисші Онс Жаберді жеңді.

Ұқсас ақпараттар

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

admin_mugalzhar

ВОЛОНТЕРЛАР ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.