«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚТА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жағабұлақ ауылында спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын.

Қазіргі таңда спорт кешенінің ішкі құрылыс жұмыстары, аралық қабырғаларды бөлу мен терезелерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Спорт кешеніне газ, су тартылып, ішкі электр жүйелері жүргізілді. Жылу қазандығы орнатылды.

Құрылыс жұмыстарын «ОМАР-ТРАНС» ЖШС-і жүргізуде. Спорт нысанының жалпы алаңы 1 117 шаршы метр. Спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер болатын болады. Құрылыс жұмыстары тамыз айының аяғында аяқталады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР ЖЕҢІЛ КЕЛЕТІН ДҮНИЕГЕ ӘУЕС БОЛМАУЫ КЕРЕК

admin_mugalzhar

Праймериздің екінші кезеңі басталды

admin_mugalzhar

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.