Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар, -деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түскен.
Халықаралық экономикалық институттар Қазақстанның ЖІӨ биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар 7% болатынын айтқан еді. Бұл үкімет жұмысының нақты көрсеткіші. Бүгінгі отырысты Әлихан Смайлов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндайды. Ұлттық Банк төрағасы ақша, несие саясатына тоқталады,-деді Қ. Тоқаев.
baq.kz