«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 8 қабатты студенттер үйі салынып жатыр

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы мен сегіз қабатты Студенттер үйінің, сондай-ақ балаларға арналған футбол академиясының құрылысы жүріп жатыр. Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған нысандардың құрылысымен және қаладағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

7-17 жас аралығындағы балаларға арналған футбол академиясы Химик стадионы базасында салынып жатыр. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаевтың айтуынша, жоба құны —2 млрд 600 млн теңге. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған. Жоспар бойынша келер жылдың мамыр айында аяқталуға тиіс. Мердігерлер шатыр жабындысын Словакиядан тапсырыспен алатындарын, егер шекарадан ешқандай мәселе туындамаса, жыл соңына дейін құрылысты аяқтайтындарын жеткізді.

Қысы-жазы футбол ойнауға арналған жабық алаңның жанында 3 қабатты ғимараттың да құрылысы жүріп жатыр. Мұнда әкімшілікпен қатар, сауықтыру орталығы, фитнеске арналған зал, дәрігер бөлмесі мен асхана, ал ғимараттың үшінші қабаты 32 адамға арналған 16 бөлмелік жатақхана болады. Сондай-ақакадемия аумағында жүгіруге арналған алаң да қарастырылған.

— Ақтөбеде футболға қызығушылық жоғары. Жанкүйелердің де саны көп. Біз тек кәсіби спортшыларға ғана емес, спортпен шұғылданғысы келетін балаларға да көңіл бөлуіміз керек. Оларға арналған спорт алаңдарын көбейтіп, жағдай жасау — тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасы, — деген облыс әкімі мердігерлерге қыркүйек айында құрылыс барысын тағы бір бақылап кететінін айтты.

Бұдан кейін Оңдасын Оразалин Ағайынды Жұбановтар көшесі 300/1 мекенжайындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы футбол, воркаут, балалар ойнайтын алаңды барып көрді. Аталған жұмыстар тұрғындардың бастамасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған. Дәл осы жерде облыс әкіміне Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов аудан бойынша аталған бағдарлама арқылы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Ауласына жаңа алаң орнатылып, көңілдері бірленгентұрғындар үй ауласына бейнекамера қажет екендігін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі аталған мәселеден хабардар екендігін және оның алдағы уақытта шешілетіндігін айтты. Сондай-ақ қала әкімі Асхат Шахаровқа ауладағы абаттандыру жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.

Ақтөбенің орталығында 8 қабатты 744 орындық Студенттер үйі салынып жатыр. Бұл жатақхананың өзгелерден ерекшелігі — ішінде кафе, тренажер залы, шаштараз, караоке, конференц-зал болады. Студент бір айға 30 мың теңге төлейді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысы мұнда орналасқан студенттерге екі мезгіл тамақ беріліп, олардыңкиімдерін жуып, тіпті үтіктеп беретін де мамандар болатынын айтты.

Оңдасын Оразалин мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды.

Студенттер үйінің құрылысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Кәсіпкер 6 пайызбен төмендетілген несие алыпты. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова бүгінгі таңда қалада жатақхана қажеттілігі барын айтты.

— Қалада14 колледжболса, оның екеуінде жатақхана жоқ. Аталған оқу орындарында 400-ге жуық бала сырттан келіп оқиды. Ал тағы екі колледждің жатақханасы болса да, барлық оқушыны қамти алмайды, — деді ол.

Бұдан кейін облыс әкімі Есет батыр тұрғын үй алабында салынып жатқан 150 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысын барып көрді. Биыл басталған құрылыс жұмыстары жоспар бойынша келер жылдың мамыр айында аяқталуға тиіс. Аталған нысанның әлеуметтік жағынан өте маңызды екенін айтқан облыс әкімі құрылысты уақтылы аяқтау үшін барынша күш салу керектігін тапсырды.

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығы — облыс бойынша өте керек әлеуметтік маңызды нысанның бірі. Сондықтан жұмыс сапалы әрі уақтылы аяқталуы керек. Бұдан бөлек облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін денешынықтыру-сауықтыру орталығы салынып жатыр. Екі нысанды да келесі жылы толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, — деді облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин бұл күні ескі қала мен Мәскеу ауданындағы көшелердегі жол жөндеу жұмыстарында көрді. Айта кетейік, қала бойынша биыл 10 көшеде — күрделі, 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 көшенің жолы қайта жаңғыртудан өтсе, 5 көшедегі жолдыңқұрылысы жаңадан басталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы каникулда неше күн демалады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларын жан-жақты қолдау үшін қоғамдық қор құрылды

admin_mugalzhar

ӨЗЕННІҢ ТАРТЫЛУЫ – ӨЗЕКТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.