«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аудан әкімі А.Шериязданов және Қайыңды ауылдық округінің әкімі Н.Жалғас “AltynEx Company” АҚ алтын өндейтін кәсіпорын орналасқан Алтынды ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуіне байланысты тапсырыс беруші мен аудан әкімдігі тарапынан мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігерге қатан талап қойылды.

Алтынды ауылының 9 көшесіне LED жарықшамдары тамыз айының аяғына дейін орнатылады. Ауылдағы 4 шаруа қожалығы “Казагагрофинанс” мекемесі арқылы МТЗ-82, МТЗ-92 тракторларын алды. Қазіргі таңда ауылдағы шаруа қожалық иелері 2 шөп шабу техникасын алуды жоспарлап отыр.

Тұрғындар тарапынан ауылдағы кәріз жүйелеріндегі кәріз қалдықтарын шығару мәселесі көтерілген болатын. Бұл мәселе тиісті шешімін тапты. “AltynEx Company” кәсіпорнының техникаларымен Алтынды елді-мекенінен 9500 тонна қоқыс шығарылды.
Әулиекөл көпірінен Алтынды ауылына дейін былтыр бастаған жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыстардың жүргізілетіндігін тұрғындармен кездесуде “КазГеоРуд” ЖШС инженері Абат Саттаров мәлімдеді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан “AltynEX Company” кәсіпорын ғимараттарын қоршап тұрған егозаны (колючая проволка) алып тастау мәселесі көтерілді. Осыған орай “AltynEx Company” кәсіпорны ауылдың сәулет келбетін жақсарту мақсатында егозаны алып тастап, орнына 3D қақпа салатын болды.

Өткен жылы “Altyn Ex Company” АҚ кәсіпорны ауыл балаларына арналған ойын алаңын салып берген болатын. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, жақын арада ойын алаңындағы құм төсенішінің орнына жасанды резиналық төсенді жабылатын болды. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан айтылған сауалдарға жауап берілді және оларды іске асыру үшін жұмыс жоспарына енгізіледі.

Ұқсас ақпараттар

В ЭМБЕ РЕКОНСТРУИРУЮТ БИООЧИСТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ

admin_mugalzhar

Енді Қазақстанда бизнес үшін жеке шот ашу керек: Мобильді аударымдар заңмен реттеледі

admin_mugalzhar

АТА КӘСІПТІ ЖАЛҒАСТЫРҒАН ӘУЛЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.