«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Еске сала кетейік, аудан көлемінде мәдениет күндері бекітілген кестеге сәйкес өтіп келеді. «Туған жерім – нұрлы елім» тақырыбында «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында өткен аптаның аяғында орталық саябақта Ащысай, Құмсай ауылдық округтерінің мәдениет күндері өтті.
Көңілді кешті тамашалауға келген қала қонақтары мен тұрғындары, мекеме қызметкерлері концерт тамашалап, ұлттық тағамдар көрмесінен де дәмтатты. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық тағамдары ет, құрт, май, қаймақ ұсынылып, айран, шұбат, көже тәрізді сусындардан алған аудан тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.
Бұдан бөлек гір тасын көтеру бойынша қалатұрғындарыарасынансайысөткізіп, басжүлдеге қой басқа да қосымша сыйлықтар тігілді. Әуезді әндешырқалып, күмбірлеп күй шертілген сахна сыртында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған ауыл тұрмысынан сыр шертетін арнайы қойылған кітап көрмесін тұрғындарға таныстырылды.
А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Артық қаржыландыруды тоқтату қажет: Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді

admin_mugalzhar

ГАЗЕТТЕН АЛЫСТАМАҒАН АРДАГЕР

admin_mugalzhar

Елімізде қай пәннің мұғаліміне сұраныс көп?

admin_mugalzhar