«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі — Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн мереке.

Сонымен бірге, Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.

Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалатын болады:

бес күндік жұмыс аптасымен – демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

Жалпы бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.

Ұқсас ақпараттар

Салмақты саясат қағидаттары

admin_mugalzhar

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

admin_mugalzhar

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері мен бас менеджері жұмыстан кетті

admin_mugalzhar