«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САБЫНДЫКӨЛ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Сабындыкөл ауылында жалғасты. Сабындыкөл ауылына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнатылды. Ауыз су ұңғымасын орнату жұмыстарын «Арай НС» ЖШС-і жүргізді.

Ұңғыманы қазу жұмыстары «Коммуналшы» кәсіпорнына аудандық бюджет есебінен алынып берілген арнайы техниканың күшімен іске асырылды.

Қазіргі таңда Қаракөлден Ащысайға газ тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, тамыз айында аяқталады. Жыл аяғына дейін жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджеттік өтінім беріледі. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылдық округ әкімі жобаны жасаушы компаниямен бірлесіп Сабындыкөл ауылында қамтып кету жобаға енгізілді.

Биыл Сабындыкөл ауылынан Ащысай ауылына дейінгі жолды күтіп ұстау үшін, қыста қардан тазарту, көктемде жолды тегістеу, күз айларында жол бойындағы шөптерді шабу жұмыстарына жергілікті шаруа қожалықтарының техникалары тартылған болатын. Ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, келесі жылы бұл жолға қосымша қаражат бөлінетін болады, сонымен қатар қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, жол ұзындығын ескеріп, Ақсу-Ащысай жолын күтіп ұстауға бір мердігер, Ащысай-Қаракөл жолын күтіп ұстауға бір мердігер белгіленетін болады.

Кездесуде аудан әкімі тұғындардың толғандырған сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ұқсас ақпараттар

Сбербанк запустил услугу медстрахования клиентов «Сбереги себя»

admin_mugalzhar

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰРУ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

admin_mugalzhar

Қандыағашта жол апаты болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.