«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституцияны қолдау — болашаққа жауапкершілікпен қарау

Мен жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын және оны ел дамуы үшін дұрыс қадам деп санаймын. Құжат мазмұнын саралай келе, оның қоғам сұранысына жауап беретінін және мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңғыртуға бағытталғанын көруге болады. Бұл – әділетті, әрі жауапты мемлекет қалыптастыруға бағытталған жүйелі реформа.

Менің ойымша, Конституциялық Соттың рөлін күшейту – азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызды тетік. Әрбір адамның өз құқығын қорғауға нақты мүмкіндігі болуы тиіс, ал бұл жоба сол кепілдіктерді нығайтады. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің айқындалуы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, тиімді басқаруға жол ашады. Мұны мен дұрыс әрі уақытылы шешім деп бағалаймын.

Экология, әлеуметтік жауапкершілік, адам құқықтары сияқты бағыттардың конституциялық деңгейде бекітілуі де аса маңызды. Халықаралық міндеттемелердің Конституцияға сәйкестігін алдын ала қарау тетігі де ұлттық мүддені қорғауға бағытталған орынды механизм деп есептеймін.

Жалпы алғанда, мен жаңа Ата Заңды еліміздің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын құжат ретінде қолдаймын. Ол тұрақтылық пен жаңғырудың үйлесімін сақтайды. Сондықтан, жаңа Конституцияны қолдау – болашаққа жауапкершілікпен қараудың көрінісі деп ойлаймын.

Салтанат Сұлтанова, аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығының директоры. 

#Референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПТЕГІ ЖАСЫЛ АЙМАҚ

admin_mugalzhar

КЕЗДЕСУ ЕКПЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar

Достық пен келісім – Қазақстанның басты байлығы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.