«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖҰРЫН-ҚАРАКӨЛ» ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

Жұрын және Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан «Жұрын-Қаракөл» тас жолының нашарлығы туралы айтылды. Бұл жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Қаржының көлемі үлкен болуына байланысты 30 шақырымдық жол екі учаскеге бөлінді (0-15, 15-30). Биыл көктемде үш рет конкурс өткізіліп, “САБ-ДорСервис” ЖШС-і жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда мердігер мекеме арнайы техникаларын алып келіп, жолды қыру және қиыршық тасты тасу жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімдігі мердігер мекемені Мұғалжар ауылында орналасқан қиыршық тас шығаратын зауыттармен байланыстырып, қиыршық тасты өз бағасына сатып алуға көмек көрсетті.

Бүгінгі күні жолды жөндеу жұмыстарына арнайы техникалар (тиегіштер (погрузчик), автогрейдерлер, катоктар, ауыр жүк көліктер) жұмылдырылды.

Ұқсас ақпараттар

Өнерлі жұптың дауысы

admin_mugalzhar

ҚҚС: Нарыққа балық емес, қармақ керек

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ҚАЙТА МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

admin_mugalzhar