«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

2022 жыл елімізде Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай Ақкемер ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ашық спорт алаңы ашылды. Спорт алаңының ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары қатысып, балаларды биылғы айтулы мерекелерімен құттықтады.
Спорт алаңы балалар мен жасөспірімдерге үлкен тарту болды. Ашылу салтанатына орай жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Жаңадан ашылған спорт алаңында ауыл жастары спорттың бірнеше түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Димаштың «Stranger» атты жеке концерті Малайзияда өтеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам бар

admin_mugalzhar

Прокурорлық қадағалаудың нәтижелері жарияланды

admin_mugalzhar