«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ

Орталық саябақта Батпақкөл, Құмжарған ауылдық округтерінің мәдениет күндері өтті. Мәдениет күндеріне қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен ауыл өнерпаздары қатысты.
Қала тұрғындары Батпақкөл ауылдық округінің қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалап, ауыл тағамдарынан дәм татты. Ауыл өнерпаздары А.Балгарина «Менің қазағым», Е.Еркебаев, М.Ертайұлы «Ұлы дала», А.Қоғабаева «Сүйіктіме» әндерін, күйші С.Бралин «Балбырауын», «Талас» күйлерін орындаса, «Алтынзер» бишілер тобы көркем биімен көрермендердің қошеметіне бөленді. Кешті тамашалауға келген кішкентай бүлдіршіндерге тегін шырындар таратылды. Сонымен бірге көрермендер арасында аудан тарихына байланысты түрлі сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖОЛАУШЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ЖАҢА КЕШЕН

admin_mugalzhar

ЕЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar