«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ДАМУ» ҚОРЫ — БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК

Енді аудан кәсіпкерлері «Еуразиялық», «Жусан», «Банк ЦентрКредит», «Халық» банктерінен 6 пайызбен кепілсіз несие ала алады. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Азамат Жиенбай хабарлады.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер жоғарыда аталған банктерден 6 пайыздық несиені «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры арқылы алады. Ол үшін несие алушы кәсіпкердің жасы 21 мен 65 жас аралығында және Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт. Сонымен бірге ашқан кәсібі 6 айдан асуы қажет. Кәсіпкерден түскен өтінім тегін қаралады. — Бизнесті дамытуға берілетін несиенің көлемі 5 000 000 теңгеге дейін, ал мерзімі 24 айды құрайды. Инвестицияларға берілетін несиенің көлемі — 20 000 000 теңгеге дейін мерзімі — 60 ай. Несие алуға ниетті адамдарда қосымша сұрақтар туындаса, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласып, кеңес алуларына мүмкіндіктері бар, — деді Азамат Жиенбай.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ПОЖАР В ЧАСТНОМ СЕКТОРЕ ЭМБЫ

admin_mugalzhar

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ТІЛ — ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.