«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Саға ауылында аудан әкімі және Батпақкөл ауылдық округнің әкімі есеп берді.
Саға ауылында медициналық пункт салу жоспарлануда. Оған жер үчаскесі нақтыланды. «КазахОйлАқтөбе» АҚ кәсіпорны медициналық пункттің жобасын дайындап жатыр. Жоба дайындаушы “Байлық проект” ЖШС (Б.Алгазин). Қазіргі таңда жоба аяқталуда. 2023 жылы құрылыс жұмыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жүргізілетін болады.

Сәуір айындағы тұрғындармен кездесуде байланыс сапасын жақсарту бойынша өтініш айтылды. Осыған байланысты “Beeline” ЖШС-і техникалық директоры Ю.Друщенкомен аудандық мәслихат депутаты Н.Сарбасов және ауылдық округ әкімі М.Бокашев келіссөздер жүргізді. Қыркүйек айында Жаңажолда қосымша күшейту қондырғы орнатылады. Сол кезде Сағадағы байланыс жүйесінің сапасы жақсарады.

Сәуірдегі кездесуде мал ұстау үшін жер алу жөнінде тұрғындардан өтініш түсті. Одан соң арнайы жұмысшы топ ауылға барып, тұрғындармен кездесіп жер алу үшін конкурсқа қатысу ережесін, тәртібін, шарттарын түсіндірді.
Бүгінгі таңда Саға ауылына кіреберіс жолды асфальттау жоспарланып отыр. Ұзындығы 710 метр болатын жолға жөндеу үшін облыстық автомобиль жолдары басқармасымен қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Сағадағы спорт алаңның салу үшін мердігер мекеме анықталды (“Жайық сити” ЖШС, Орал қаласы). Қаражаттың жетіспеуіне байланысты мердігермен өз қаражатына салу бойынша келіссөздер жүргізілді. Құрылыс аяқталған соң жылдың аяғына дейін мердігер алдындағы бережақты өтеу бюджеттен қаралады. Кездесуде ауыл тұрғындарымен жедел-жәрдем көлігі, медициналық пункт және ветеринарлық дәрігерлер бойынша мәселелер талқыланды.

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының филиалы ашылады

admin_mugalzhar

Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.