«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚТАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі және Батпақкөл ауылдық округі әкімі Жағабұлақ ауылының тұрғындармен кездесті. Өткен жылы Жағабұлақты 5 көше асфальттанды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сол көшелердің жанынан тротуарлар салу үшін «Қазақойл Ақтөбе» АҚ кәсіпорны жоба жасауға көмек көрсетті.

Ембі-Жағабұлақ жолынан ауылға кіреберіс жолды (2,1 шықырым) жобасы дайындалып, қаражат бөлу үшін облыстық жолдар басқармасына жіберілді

Мектеп жанындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Витраж әйнегін орнату үшін «СНПС-АМГ» арнайы техниңамен көмектесуде. Жылу қазандығын орнату жұмыстары аяқталды. Ауыл тұрғындарын кәсіпорындарға орналыстыру жөнінде «Қазақойл Ақтөбе» АҚ кәсіпорының аппарат басшысы А. Утегенов және НГДУ кәсіпорыны басшысының орынбасары Б.Есенаманов есеп берді.

Сонымен қатар ветеринариялық жұмысы бойынша аудандық ветеринария стансасы директорының орынбасары Ю.Веселовский, жер мәселесі аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Л.Ілиясова, су сапасы бойынша «Коммуналшы» мекемесі директорының орынбасары С.Жұмағалиев, тұрғындардың қауіпсіздігі бойынша Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы Б.Ізімов, тұрғындарды емдеу бойынша Н.Теңізбаев тиісті мекеме басшылары есеп берді.

Тұрғындар тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру, мал жайылымын кеңейту, ауылды толық сумен қамтамасыз ету үшін жаңа ұңғыма қазу, амбулаторияның кіреберісін басқа жерден шығару, салынған Ембі-Жағабұлақ жолының сапасының төмендігі жан-жақты талқыланды және шешу жолдары нақтыланды.

Ұқсас ақпараттар

ТЖ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ — БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

admin_mugalzhar

К услугам у нас везде дорога и интернет!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.