«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНАМ ДЕГЕН ЖАСТАРҒА ОТ БЕРЕТІН…

🔹Зеренді өлкесінде «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс өткен VI съездің жалғасы Қ.Жұбанов ауылдық округінің орталығы Қаракөл ауылында орналасқан Орқаш орман алқабында жалғасын тауып, мұғалжарлық белсенді жастардың «Жастар Отанға» атты форумы өтті.
Аталған форумды «Amanat» партиясы және Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Мәди Кемешов, «Amanat» партиясының жастар рухы, Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Әнуар Искарин, «Amanat» партиясының Мұғалжар ауданы бойынша атқарушы хатшысы Көмекбай Бектұрғанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұқарбаев және ауыл-аймақтан келген аудан жастары қатысты.
Форум барысында VI съездге делегат болып қатысқан жас кәсіпкер Наурызбек Сарбасов өзі қатысқан съезден алған әсері туралы ойымен бөлісіп, жастарға Жаңа Қазақстанды құрудағы оң өзгерістерді әркім алдымен өзінен бастау қажеттігін, кәсіпкерлік саласындағы өзгерістер мен табысқа жетудің жолдарын айтты. Ал жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, өз ұсыныстарын да білдірді.
Форумға қатысушылар арасында психологиялық тренингтер және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен белсенді қатушыларға сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

На посту и днем, и ночью!

admin_mugalzhar

Bek Air: Ұшақ соғылған үйдің құжаты болса ғана өтемақы қарастырамыз

admin_mugalzhar

Тұрғындар кәріз жүйесіне неге қарсы?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.