«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітінде және Ембі қаласының «Нұр» мешітінде ауыз бекіткен жұртшылыққа ауызашар берді.

«Нұртай» мешітінде өткен ауызашарға Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық «Көкпар» федерациясының президенті Фархат Сансызбаев, Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне Ақтөбе облысының еңбек ардагері, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы Сағынадин Салықбаев қатысып, жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразалары, жасаған құлшылықтары, Қадір түніндегі оқыған дұға-тілектері қабыл болуын тіледі.

Мешіт имамдары Әсемхан Ерғазин мен Нұрсұлтан Тұрсынқұлов бес парыздың бірін орындап, ораза тұтқан жамағатқа уағыз айтып, имандылыққа ұйытты.

Ауызашарға қатысқан ақсақалдар мен ардагерлер жиналған қауымға ұлағатты әңгімелерін айтып, облыс басшысына ізгі ниет- тілектерін жеткізді.

Ауызашар соңында Құран оқылып, тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі, халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.

Ұқсас ақпараттар

Наурыз айындағы мерекелерге орай елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады

admin_mugalzhar

Мұғалімді балағаттап, қоқыс қалдыру: 2025 жылы айыппұл қанша теңгеге өседі

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar