«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР — ҚҰРМЕТТІҢ ТӨРІНДЕ

Тамыз айының бірінші жексенбісі – теміржолшылар күні. Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде «Еңбегі жемістінің, өмірі де келісті» атты мерекелік іс-шара өтті. Теміржол желісі мемлекетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген болса, теміржолшы мамандығы елге қадірлі, қашан да өз дәрежесінде қасиетті. Аудан тұрғындарының бір қатары осы салада нәтижелі қызмет етіп келеді.

Мерекелік іс-шараға жиналғандарды аудан әкімі Асқар Шериязданов құттықтады. Теміржол саласының үздіктері мен ардагерлері ерекше құрметке ие болды. Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің атынан Қандыағаш стансасы қалпына келтіру пойызының кран машинисінің көмекшісі Теміржан Дүсіповке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сондай-ақ үздік мамандар кәсіби мереке қарсаңында облыс басшысының Алғыс хатымен Қандыағаш пайдалану вагон депосының компрессор қондырғыларының машинисті — Өмірхан Костаубаев, Қандыағаш пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті — Алмасхан Казбагамбетов, Жем пайдалану локомотив депосы бастығының өндірістік жөніндегі орынбасары — Бердіғали Әділов марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманқұловтың Алғыс хатына «Теміржолсу — Ақтөбе» ЖШС Қандыағаш телімінің қондырғы сорғыларының машинисті — Ерлан Карагулов, Қандыағаш жол дистанциясының жол шебері — Рулан Мирманов, Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының электромеханигі — Бексұлтан Биманов ие болды. «Қазақстан теміржолы» АҚ төрағасы Н.Сауранбаевтың Құрмет грамотасымен Қандыағаш пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті — Бисенғали Жарылғасынов марапатталды.
«ҚТЖ» — Жүк тасымалы ЖШС Батыс филиалының директоры Б.Беркімбаевтың Алғыс хатымен Қандыағаш вокзалының вокзал бойынша кезекшісі — Алмагүл Шилмурзина, Қандыағаш стансасы қалыпқа келтіру пойызының көтергіш жабдығының шебері — Нұржан Мұқанов, Жем пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисті — Мирамбек Махамбетжанов марапатталды.

Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен теміржол саласында еңбек етіп жүрген вагон жөндеушілер, тепловоз машинистері, цех шеберлері, электромонтёрлер және т.б. жұмысшылар марапатқа ие болды. Теміржол саласында ұзақ жыл қызмет етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагерлер де аудан әкімінің алғысына бөленді. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

«ҚАУІПСІЗДІК БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.