«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«DARINA AQUA»: ТАБИҒИ ТІРШІЛІК НӘРІ

ЖЕРГІЛІКТІ БАЗАРЛАР МЕН ДҮКЕНДЕРДІҢ СӨРЕЛЕРІНДЕ ТҰРАТЫН «DARINA AQUA» ТАБИҒИ АУЫЗСУ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ШЫҒАРЫЛАДЫ. ОСЫЛАЙША ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҚУАНДЫҚ ТӨЛЕГЕНОВ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРЫП ОТЫР.

Сертификатталған тауар шығаратын өндіріс цехы заманауи технологиялармен жабдықталып, барлығы автоматтандырылған. Аталған өндіріс орнында қазіргі уақытта 24 адам жұмыс жасайды. Цехтың атқарушы директоры Болат Жалғасбаевтың айтуынша, табиғи таза ауызсу ұңғыма арқылы тереңдігі 200 метр жерден алынады.

— Өнім облыстық санитарлық эпидемиологиялық басқармасының, Алматы қаласындағы гидрогеологиялық институтының зертханасынан сараптамадан өткізіліп, рұқсаты алынды. Отандық өнім шығаруға арнайы сертификат та қолымызда бар. Ауызсуымыздың жоғары сапаға ие екендігі туралы декларацияны да алдық. Біздің өніміміз минималды өңдеу процесінен өтеді. Яғни механикалық тазалаудың екі кезеңінен өтіп, жоғары сапалы суға айналады. Ол үшін біз жоғары технологиялық құрылғылар мен экологиялық таза материалдарды пайдаланамыз. Өндірілген табиғи ауызсу арнайы сертификатталған белгісі бар құтыларға құйылады. Ал түрлі пішіндегі бұл құтыларды өзіміз әзірлейміз, — дейді Болат Жалғасбаев. Бүгінде отандық өнім Кеден Одағы елдеріне экспортқа шығарылады. Компания айына 96 мың шыны табиғи ауызсу шығарады. Бұған қоса аталған кәсіпорын ауданда жылыжай кешенін де іске қосты. Бүгінгі таңда компанияның меншігіндегі 600 шаршы метр жерде табиғи ауызсу шығаратын цех және кеңсе ғимаратымен қатар заманауи үлгідегі екі жылыжай кешені тұрғызылған. Жылыжайда 1000 келі қызанақ, 1000 келі қияр, 200 келі аскөк өсірілуде.

Ұқсас ақпараттар

БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН КӘСІПКЕР

admin_mugalzhar

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ: ШАЙҚАЛҒАН ШАҢЫРАҚ, БАҚЫТСЫЗ ӘЙЕЛ, ҚОРҒАНСЫЗ БАЛА

admin_mugalzhar

ЕСТЕЛІКТЕН ЕСКЕН ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.