«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АНАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ДҮЙСЕНБІДЕ ҚАНДЫАҒАШҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЙЫМ» МЕЙРАМХАНАСЫНДА АУДАНДЫҚ «ЖЫЛ АНАЛАРЫ — 2022» ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ. ОТБАСЫЛЫҚӨМІР САЛТЫМЕН ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАНШАРАНЫ «FITNESS BY_AIGERIM» ФИТНЕС СТУДИЯСЫНЫҢ ИЕСІ АЙГЕРІМСАТАНОВА МЕН БЕЛСЕНДІ ВОЛОНТЕР НАЗГҮЛАЛПАМЫСҚЫЗЫ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Аталған байқауға аудан бойынша 6 ана қатысып, өздерін таныстырып, біліктіліктері мен тапқырлықтарын, түрлі өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге олардың бар өнерін салып дайындаған тағамдары мен шын көңілден жасаған қолөнер туындылары қазылар алқасының көңілінен шықты.

Сайысқа қатысып қана қоймай, белсенділік танытып, жүзден жүйрік шыққан Мөлдір Тілеуқұлова Бас жүлде «Ару ана — 2022» атағын жеңіп алып, сыйлыққа Asel электр пешін ұтып алды. Ал І вице ана атағына Марьяна Кубаева ие болып, «Алақай-балақай» дүкеніне 20000 теңгелік сертификат алды. «Батыр ана» атанған Әйгерім Қосанова «КереMed» клиникасының 10000 теңгелік сертификатына ие болды. Сәні мен сымбаты жарасқан Болғанай Шерниязова «Модель ана» атанып, фитнес клубқа және массаж кабинетіне сертификатты қанжығасына байлады. Он саусағынан өнер тамған Жанар Сахиева «Шебер ана» аталымына ие болып, массаж кабинеттің 15000 теңгелік сертификатын жеңіп алды. Ал жан-жақты Құралай Құрманғалиева «Универсал ана» атанып, @chudo_vyazanie сертификатына ие болды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ЖЕҢІСПЕН КЕЛДІ БАЛАЛАР

admin_mugalzhar

7 мың тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.