«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды

Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды.
Танымал қазақ шахматшысы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ақпарат «Спорт Шрёдингера» Telegram-каналында жарияланды.
Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын;
Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын;
Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын;
Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын;
Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.
Ерлер құрамасы:
Ринат Жұмабаев (33 жаста) — бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады;
Әлішер Сүлейменов (22 жаста) — екінші тақта, 13-орын;
Мұртас Қажығалеев (49 жаста) — үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады;
Арыстанбек Оразаев (24 жаста) — төртінші тақта, 18-орын;
Қазыбек Нөгербек (18 жаста) — бесінші тақта, 19-орын.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).
Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.
#Шахмат #Олимпиада #Жансая Әбдімәлік

Ұқсас ақпараттар

Ертең Үкімет отырысы өтеді

admin_mugalzhar

ЖАС БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

«АЛТЫНЗЕР» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.