«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 900 мың тоннадан астам картоп жиналды

Қазақстан өңірлерінде картоп жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге 907 мың тонна өнім жиналды.

Өңірлерге қарай алқаптардағы баға килограмына 90-нан 120 теңгеге дейін өзгеріп отыр. Биыл ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп егістігінің көлемі 11 мың гектарға ұлғайып, жалпы өнім көлемін 2,7 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда. Бұл ішкі нарықтың жылдық қажеттілігінен (шамамен 2 млн тонна) айтарлықтай жоғары.

Болжам бойынша өнім мол болады. Мұндай көлемде ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге еш қауіп жоқ. Сондықтан 28 шілдеде картоп экспортына қойылған барлық шектеулер алынды, — деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Бөлшек саудадағы орташа бағалар да төмендеуде. Статистика деректеріне сәйкес, 2 қыркүйекте ел бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 194 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір апта бұрынғыдан 3,9 %-ға төмен.

Экспорт бағытында да оң динамика байқалады. Тамыз айында фитосанитарлық сертификаттарды рәсімдеуде туындаған техникалық мәселелер шешімін тапты. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Өзбекстанға жөнелтілген 8,7 мың тонна картопқа құжаттар рәсімделді.

Биылғы экспорттық әлеует 450 мың тоннаны құрайды және оның ішкі нарыққа еш әсері болмайды, — деп түйіндеді Ербол Тасжүреков.

Ұқсас ақпараттар

1991 жылдан бері қанша этникалық қазақ атажұртқа оралғаны белгілі болды

admin_mugalzhar

Елімізде дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас енді өтемақы ала алады

admin_mugalzhar

Ақтөбелік команда «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша көш басындағы үштікке кірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.