«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАДЫ

Кеше мұғалжарлықтар тілсіз жаудан зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жіберді. Азықтүлік пен тұрмысқа қажетті заттар тиелген қайырымдылық керуенін ұйымдастыруға Amanat партиясы мұрындық болды.

Көршілес облыс тұрғындарының басына қайғы түскенде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген аудан азаматтарынан жиналған 771 405 теңге қаржыға ең қажетті деген ұн, шекер, сұйық май, макарон, көкөніс өнімдері, картоп, жуа, күріш, қарақұмық, тәттілерден басқа күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі заттар сатып алынған. Amanat партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Көмекбай Бектұрғанов Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірыңғай қоғамдық қордың құрылғанын жеткізді.

— Қостанай облысында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Тілсіз жаудың салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланып, 100-ге жуық үй жанып кетті. Ел басына осындай қиын-қыстау күн туғанда, аудан аумағындағы барша халық жұмылған жұдырықтай бірігіп, азаматтық танытып, өз үлестерін қосуда. Бүгінде аудан кәсіпкерлері де ашылған қайырымдылық қорға ақша аударуда. Аудан тұрғындарын қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырамын, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

Головкин-Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін елімізге алып келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.