«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ КРОСС ӨТТІ

Қандыағаш қаласында 7 мамыр — Отан қорғаушы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жеңілатлетикалық кросс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін арттыру мақсатында өткізілген додаға аудан бойынша жалпы саны 140 адам қатысып, үш шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен басталған жүгіру жарысының мәресі аудандық мәдениет үйі маңынан аяқталды. Жарысқа әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты спортты өздеріне серік еткен ерлер мен әйелдер қатысып, өздерінің жылдамдықтарын көрсете білді.


Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар Дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушылардың арасында жасы 60-тан асып,70-ке жеткен ардагерлер де болды. Соның бірі – Ембі қаласынан келген 70 жастағы Нұртуған Елмұратов. Ұзақ жыл денсаулық саласында еңбек еткен ол өзіне жүгіру спортын 50 жылдан бері серік етіп жүргенін айтты.
-Бүгінде жастардың көпшілігі спортпен шұғылданбайды. Соның салдарынан түрлі созылмалы аурулар белең алып, семіздік етек жайып барады. Жүгірудің денсаулыққа берер пайдасы өте жоғары. Сол себепті жастарды белсенді болуға шақырамын. Жасым ұлғайса да осындай бұқаралық шаралардан қалыс қалған емеспін. Бүгін де жүлдегерлердің қатарынан көрініп, II орынға табан тіредім, – деді ол.
Ал Ақкемер ауылынан келген Нафиға Ашимова 50 жастан жоғары жүгірген әйелдер арасында жүлделі І орынға ие болды. Ұстаздық етіп, зейнетке шыққан Нафиға Ашимова бүгінде жасының 64-ке келсе де спортпен тұрақты шұғылданатынын айтып, спорттық жарыстар әртүрлі жастағы және қызығушылығы бір адамдарды біріктіретінін тілге тиек етті. Жаппай жүгіру жарысының соңы 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шарамен жалғасты. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтап, аудандық қорғаныс бөлімі мен аудандық полиция басқармасында елеулі еңбек етіп жүргендерге аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

 

Ұқсас ақпараттар

МОТИВАЦИЯНЫ АУЫЛДАСТАРЫНАН АЛАТЫН КӘСІПКЕР

admin_mugalzhar

Тұрғындар сауалы назарға алынды

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.