«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10-11-сыныпта ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттарын көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылады. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда ағылшын тілін үйренуге, нақтырақ айтқанда, 10-11-сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге, бағдарламаларды жаңартуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән беріледі. 2024 жылдан бастап «CEFR» бойынша 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту мен қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ұқсас ақпараттар

2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады

admin_mugalzhar

АЕК: 162 ОТБАСЫНЫҢ 825 АДАМЫНАН ӨТІНІШ ТҮСКЕН

admin_mugalzhar

Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін күшейтеді — депутат

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.