«Аватар» фильмі 25 қыркүйектен бастап кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды», — деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.
Министр «Аватар: Су жолы» кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болатынын айтты. Оның қазақ тіліндегі премьерасы 16 желтоқсанда өтеді.
Сондай-ақ, ол MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждалатынын айтты. Фильмнің премьерасы 10 қарашаға жоспарланған.