«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты деп хабарлады turkystan.kz.

Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қоңырау қабылдайды.

Өңірлік Білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден Білім басқармаларына жіберіледі.

«Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты», – делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ЖАНДОС — ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.