«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МҰНАЙШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жалпыхалықтық референдумге байланысты Мұғалжар ауданына қарасты Батпақкөл ауылдық округіндегі «Жаңажол» вахталық поселкесінде орналасқан мұнай мекемелерінің жұмысшылары өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Референдумдегі – әр дауыс маңызды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты басқармаларда вахталық ауысыммен еңбек ететін қызметкерлердің референдум науқанына қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Ел дамуына әсер ететін саяси шараға қатысудың маңыздылығын терең түсінгендіктен мұнайшылар азаматтық ұстанымдарын білдіріп, сайлау учаскесі ашылған уақыттан бері белсенділік танытты.

Мұғалжар ауданы бойынша қалалық және ауылдық округтерде 46 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 11-і — Қандыағаш қаласында, 6-уы — Ембі қаласында орналасқан. Ауданда барлығы 39854 сайлаушы тіркелген.

#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #Референдумғабардым

Ұқсас ақпараттар

Жыртық аяқ киім

admin_mugalzhar

Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйелдің аяғы ауыр

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar