«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда көмірді онлайн сату жолдары енгізіледі

Қазақстан үкіметі көмірді халыққа маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы сату жолдарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда еліміздегі ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосқан. Премьер-Министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар кеңесте сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданғаны туралы айтылды.

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды – Тоқаев

admin_mugalzhar

МӘДИ — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 33 жаңа білім беру нысаны салынды

admin_mugalzhar