Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ұлыбританиялық Дэнзел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, алғаш рет WBO титулын қорғайды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Олар 12 қарашада Лас-Вегаста Palms Casino Resort аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.
Еске салайық, 29 жастағы Әлімханұлы — орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұрын бұл титулды иеленген америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) екінші орта салмаққа көтеріліп, Жәнібекпен жекпе-жек өткізуден бас тартқан соң бұл белбеу қазақстандық боксшыға өткен еді.
massaget.kz