«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАУІПСІЗДІК БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

Аудандық білім бөлімі аудан мектептері арасында «Қауіпсіз балалық шақ» атты онкүндігін ұйымдастыруда. Шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу. Аталған онкүндік аясында №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-нің ұжымы түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры М.Тугультаева, мектеп директоры Г.Мусина, әлеуметтік педагог К. Мырзабайқызы, ДОІЖО Г.Мажитова, аудандық Мұғалжар газетінің тілшісі Н.Кесікқұл, аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Шілдебаев, мектеп еріктілер тобының мүшесі Н.Сұлтанмұратова түрлі санаттағы оқушылардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайымен танысты. Сонымен бірге ойын сауық орындары мен дәмханаларға барып профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Ауыл аманаты: Ақтөбе облысында 15 млрд теңгеге 2700-ден астам жоба қолдау тапты

admin_mugalzhar

Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ВЕЛОШАБАНДОЗ ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛДІ

admin_mugalzhar