«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СТУДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

Осы жылдың тамыз айында аудан әкімі «Русская медная компания» АҚ-ның президенті В.Левинмен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Кездесуде кәсіпорын басшысы аудан әкімінің бастауымен жүзеге асқан пилоттық жобамен танысты. Осы жоба аясында мамыр айында Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің бір топ студенттері Құндызды кең орына барып, «КазГеоРуд» ЖШС жұмысымен, атап айтқанда, өндіріс барысы және вахталық кентіндегі жұмысшылардың тұрмыстық жағдайымен танысқан болатын.
Кездесуде «Русская медная компания» АҚ-ы кадр саясаты және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті А.Шабаровамен пилоттық жобаны жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді және осы мәселе бірлескен іс-шаралар жоспарына енгізілді. Осыған байланысты Ембі қаласында өткен кездесуге «КазГеоРуд» ЖШС Құндызды кен орнының бастығы А.Коробов келіп, колледж студенттерімен кездесті. Жастармен басқосуда кен орнының бастығы кәсіпорынның жұмысы туралы мағұлмат беріп, кәсіпорынға жұмысқа орналасу үшін қандай мамандық түрлерін таңдау қажет екенін айтып өтті. Одан кейін Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің директоры Ж.Оразханов жалпы оқу орнының жұмысы туралы айтып өтіп, «КазГеоРуд» ЖШС басшылығына алғысын білдірді.
Кездесу соңында Ембі қызмет көрсету саласы колледжі мен «КазГеоРуд» ЖШС-і арасында өзара ынтымақтастықты нығайту келісілді, атап айтқанда, әр айдың соңғы күндерінде колледж студенттері Құндызды кен орнына барып, кәсіпорын жұмысымен танысады және осы кәсіпорынға одан әрі жұмысқа орналасу мақсатында кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Ұқсас ақпараттар

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

admin_mugalzhar

ОБМЕЛЕНИЕ РЕКИ УИЛ: ПРИЧИНЫ И ПОСЛЕДСТВИЯ ЧТО ГОВОРЯТ МУГАЛЖАРЦЫ?

admin_mugalzhar

Тоқаев Қазақстанда Абай атындағы мектептер ашуды ұсынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.