«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

10 ұлттық жоба аясында 203 мың жұмыс орны ашылады

10 ұлттық жоба аясында 203,3 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншісі – 10 ұлттық жобаның аясында құрылып жатқан жұмыс орындары. Осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілген. Бүгінгі таңда бұл жоспар 75,6 пайызға орындалды. Мемлекет тарапынан субсидия берілетін жұмыс орындарын ескергенде 203,3 мың жұмыс орны құрылды. Шаруамыздың ойдағыдай атқарылуына «Кәсіпкерлікті дамыту», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» сияқты ұлттық жобалардың табысты жүзеге асуы септігін тигізді. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының 92 пайызы осы 3 жобаның еншісінде. Ал, басқа жобаларда ең азы 492, ең көбі 6,2 мың жұмыс орны құрылды», — деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің дерегінше, ұлттық жобалар аясында өңірлерде құрылған жұмыс орындарының 55 пайызы – тұрақты. Онда жұмыс істейтін азаматтардың 46 пайызы міндетті зейнетақы жарнасын төлеп отыр. Бұл ретте, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша ең төменгі көрсеткіш Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарына тиесілі.

«Осы орайда, Қызылорда облысының өте жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Облыста құрылған жұмыс орындарының 88 пайызы – тұрақты жұмыс орны. Олардың 84 пайызы зейнетақы аударымымен расталып отыр», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

СОҒЫМ СҮЙКІМДІ БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

134 ауыл және 6 шағын қала қатысып жатыр

admin_mugalzhar

Енді медициналық анықтамалар электронды нұсқада беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.