«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҚТӨБЕЛІКТЕР» ОҚЫРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Баспасөзге жазылу науқаны аясында «Ақтөбе Медиа» ЖШС-і басшылығы, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің, «Үш таған» журналының бас редакторлары мұғалжарлық оқырмандармен кездесті.

Кездесу барысында «Ақтөбе Медиа» компаниясының директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық ұйымының төрағасы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәтжан Дәрібай облыстық қосбасылымжәне «Үштаған» журналының өз оқырмандарына үздіксіз өңірдің жаңалықтарынжеткізіпотырғандығынайтып, қос газеттің ұзақ жылдар бойы тұрақты оқырмандары болып келе жатқан мұғалжарлықтарға ризашылықтарын білдірді.

Іс-шарада 70 жасқа толған мұғалжарлық Роза Ермағамбетоваға қазақ руханиятының кемеңгерлері, ағайынды Құдайберген және Ахмет Жұбановтар атындағы сыйлық және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлігінің «Елеуліеңбегі үшін» медалі тапсырылды. Сонымен қатар Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінің директоры Бақыт Утешова «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің арнайы марапатына ие болды. Кездесуде «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі болған Аманбай Көздібаев атындағы сыйлықты аудандық «Мұғалжар» газетінің тілшісі Нұрғаным Кесікқұлға тапсырды.

Сондай-ақ көп жылдан бері қос басылымның тұрақты оқырмандары болып келе жатқан еңбек ардагері, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тахир Наранбаевқа және аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанат ЖайбергеновағаАлғыс хатпен естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев ауданға арнайы келген «Ақтөбе Медиа» ЖШС-і басшылығына және редакторларға алғысын айтып, облыстық қос газеттің ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Үкімет Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті

admin_mugalzhar

Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады

admin_mugalzhar

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ: ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.