«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе жасыл қалаға айналуы тиіс

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ағаш отырғызу акциясы басталды. Оған өңіріміздегі мердігер компаниялар мен қала тұрғындары қатысты.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру аясында алдымен триатлон саябағының аумағында көшет отырғызылды. Оған облыс әкімі Ералы Лұқпанұлымен қатар бірқатар мемлекеттік құрылыс компаниялары атсалысты. Олар 300-ден астам қылқан жапырақты көшеттер, шие, үйеңкі, шырша, бозқараған сияқты ағаштардың көшеттерін отырғызды.
-Екі айлық аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде «Эдельвейс», «Алтын Кум» серіктестіктері, «Нектар» кооперативі, «Инвест комплекс», «Даулет Групп», «Завод Светотехника W», «Сәулет Құрылыс 2007», «Сконур», «Шадияр Групп», «BD kair» серіктестіктері, басқа құрылыс компанияларының қолдауымен көшеттер сатып алынып, тал-теректерді отырғызу жұмысы қарқын алды, — деді Amanat партиясының депутаты Евгений Лазарчук.
Акцияға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов көшеттердің санын 100 мыңға жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар Ақтөбенің жасыл қалаға айналуы тиістігін атап өтті.
— Тазалық — тазалаған жерде емес, айналаны таза ұстаған кезде ғана болады. Сүйікті қаламыздың таза ұстау – баршамызға ортақ іс, жас буынға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақты жан-жағын таза ұстап, ластамауға үндеу, шашпауға шақыруымыз керек. Тазалықпен қоса қаланы абаттандыру дұрыс жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда көшеттер санын арттыру мақсаты орындалып келеді, — деді облыс әкімі.
Одан әрі ағаш отырғызу мен сенбілік жұмыстары мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау мекемесінің алаңында, Бөгенбай батыр даңғылында, облыстық балалар ауруханасы алаңында, Сазды мәдениет үйінің аумағында, Әбубәкір Кердері мен Есет батыр даңғылында және 312 атқыштар дивизиясы аумағында жалғасты.
312 атқыштар дивизиясының аумағында өткізілген тазалық жұмысына 100-ден астам жұмысшы қатысып, 4 техникалық қызмет жұмылдырылды.
Отырғызылған көшеттердің күтімі мен тазалығы сол аумақтағы жауапты жұмысшы мамандарға тапсырылады.
«Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің айтуынша, аптасына 200-ден астам ағаш отырғызылып, бір апта ішінде 90 тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылған. Әр бейсенбі сайын өткізілетін «Таза бейсенбі» акциясы да назардан тыс қалған емес.
-Біз екі айлық тазалық жұмыстарына сәйкес экологиялық акция бастадық. Соған сәйкес қызметкерлеріміздің балаларының да сенбілікке, оның ішінде көшет отырғызуға қатысуына мүмкіндік беріп отырмыз. Балаларды қара жұмысқа салу ниетіміз жоқ. Тек оларды балалық шақтан бастап тазалыққа үйретеміз. Олар ата-аналарына қолғабыс жасап, сенбілікке көмектесіп жүреді.
Тазалық мәдениеті өзімізден басталарын ескерсек, жас ұрпақтың бойына отанға деген сүйіспеншілік қасиетін сіңіруіміз керек, — деді «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының байланыс орталығының басшысы Динара Жаналина.
Алдағы уақытта да сенбілік пен ағаш отырғызу жұмысына қаламыздың тұрғындары, бизнес өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жеке секторлардың мамандары, жігерлі жастарымыз қатысады деп жоспарланып отыр.

Ақмарал МҰҚАШЕВА, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қай көліктің жүруіне тыйым салынатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі

admin_mugalzhar

3 аптадан бері азық-түлік арзандап жатыр – министрлік

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.