«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алдағы демалыс күндерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетері, 25 қазан Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Осыған байланысты азаматтар қатарынан үш күн демалады.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 23, 24 және 25 қазан күндері жұмыс істемейді, — деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет.

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін ашық болады.

Сондай-ақ ертең, 22 қазан – жұмыс күні екенін еске саламыз. Бұл күні ХҚКО-лар клиенттерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады.

 

 

Ұқсас ақпараттар

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады

admin_mugalzhar

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ: ВАКЦИНАЦИЯ КҮЗДЕ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

admin_mugalzhar